Қырғызстанда алаяқтық үшін жауапкершілік күшейтілді
АСТАНА. KAZINFORM — Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаров алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді көздейтін «Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Аталған заң 2025 жылғы 25 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші тарапынан қабылданған.
Қабылданған түзетулерге сәйкес, алаяқтық әрекеттерге қатысты жаңа саралаушы белгілер енгізілді:
* ақпараттық-коммуникациялық технологияларды немесе интернет желісін пайдалану арқылы;
* екі және одан да көп тұлғаға қатысты;
* қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық.
Сонымен қатар, Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 58, 88 және 92-баптарына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес:
* алаяқтық үшін қылмыстық қудалау мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен немесе айыптау үкімін орындаудан босату мүмкіндігі алынып тасталды;
* шартты түрде мерзімінен бұрын босату тек қылмыс салдарынан келген залал толық өтелген жағдайда ғана мүмкін болады.
Бұдан бөлек, сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау үшін жазалар күшейтілді. Бұл үшін 50 мыңнан 100 мың сомға дейін (шамамен 300 мыңнан 600 мың теңгеге дейін) айыппұл салу немесе үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін Қырғызстанда жыныстық зорлық-зомбылық үшін жаза енгізуді ұсынған еді.