Қырғызстанда алғаш рет бүйрек алмастыру операциясы жасалды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Бішкекте Ана мен бала ұлттық орталығының трансплантология бөлімшесі 22 жастағы науқасқа алғаш рет тегін бүйрек алмастыру операциясын жасады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Қырғызстанда алғаш рет бүйрекке ота жасалды
Фото: kabar.kg

Отаны құрамында үш хирург, үш анестезиолог және екі медбикесі бар медициналық бригада жасаған. 

Бірінші кезеңде донордың бүйрегін алу үшін екі сағаттық ота жасалып, одан кейін бүйрек реципиентке ауыстырылды. Науқастың қазіргі жағдайы тұрақты деп бағаланды. 

Айта кетейік, Қырғызстанда 2024 жылы бюджет қаражаты есебінен бүйрек ауыстыру бойынша 50 ота жасау жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар