Қырғызстанда алименттен жалтарғандарды тұтқындау ұсынылды

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстанның Бас прокуратурасы алимент төлеуден жалтарғандарға жауапкершілікті қатайтуды ұсынып отыр.

Арестовывать за уклонение от алиментов предлагают в Кыргызстане
Фото: freepik.com

Көпшіліктің талқылауына ұсынылып отырған құжатта мынадай талаптар бар:

Кәмелетке толмаған балаларды немесе кәмелетке толған, бірақ еңбекке қабілетсіз әрі материалдық көмекке мұқтаж балаларды асырауға қаражат төлемеген жағдайда, егер қарыз үш айдан астам қатарынан немесе бір жыл ішінде жиынтығында есептелген мерзімде қалыптасса, ата-аналарға үш тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза қолданылуы мүмкін;

Жауапқа тартылғаннан кейін 12 ай ішінде қайтадан заң бұзса, жеті тәулікке қамауға алынады;

Еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекке мұқтаж ата-аналарды асыраудан үш ай бойы жалтарған жағдайда, сот шешімін немесе алимент туралы келісімді бұзған еңбекке қабілетті кәмелетке толған балаларды үш тәулікке қамауға алу ұсынылады.

Осыған дейін Алматыда алимент берешегі 1,5 млрд теңгеден асқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар