Қырғызстанда алтынмен қамтамасыз етілген стейблкоин жобасы тоқтады

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда USDKG жобасы жұмысын тоқтатты, блокчейн желілері де жабылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі. 

Қырғызстанда алтынмен қамтамасыз етілген стейблкоин жобасы тоқтады
Фото: ҚР Қаржы министрлігі

USDKG ресми сайтындағы хабарламаға сәйкес, бұл шешім Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің 2026 жылғы 20 тамыздағы № 639-t бұйрығына сәйкес қабылданды.

USDKG токен иелері өз токендерін фиат валютасына немесе USDT-ге айырбастау үшін [email protected] мекенжайына хабарласа алатыны атап өтілді.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қарашасында Қырғызстан алтынға байланған және АҚШ долларына бекітілген сандық токен USDKG ұлттық стейблкоинін шығарған болатын.