Қырғызстанда әр бесінші студент ұстаздық мамандықты таңдайды

АСТАНА. KAZINFORM — 2024-2025 оқу жылында елдегі жоғары оқу орындары 8 мыңнан астам болашақ мұғалімді даярлап шығарды, деп хабарлайды Кабар.

Қырғызстан мұғалімі
Фото: Кабар

2014 жылы Қырғызстанда Үкімет қаулысымен жыл сайын 5 қазанда атап өтілетін Білім беру қызметкерлерінің күні ресми түрде бекітілді.

Салалық ведомстволардың деректеріне сәйкес, республикадағы жұмыс істейтін халықтың шамамен 10%-ы білім беру саласында еңбек етеді. Қазіргі таңда елде 5 мыңға жуық мектепке дейінгі, мектеп, орта және жоғары білім беру ұйымы жұмыс істейді. Бұл мекемелерде 131 мыңнан астам педагог еңбек етіп, 2 миллионнан астам бала, оқушы және студентті оқытып, тәрбиелеуде.

2024-2025 жаңа оқу жылында елде 2 394 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 94 мыңға жуық мұғалім қызмет атқарады:

  • Қалалық жерлерде — 33 мыңнан астам педагог,

  • Ауылдық жерде — 60 мыңнан астам мұғалім еңбек етіп келеді.

Қырғызстанда мұғалім мамандығы дәстүрлі түрде әйелдердің кәсібі болып саналады: мектеп мұғалімдерінің 87%-ы — әйелдер, олардың 8%-ы басшылық қызметте (директор немесе директордың орынбасары). Сонымен қатар педагогтердің кәсіби дайындығы жоғары деңгейде — мұғалімдердің 87%-ы жоғары білімге ие.

Мектептердегі орташа жүктеме — бір мұғалімге 16 оқушыдан келеді. Қалалық мектептерде бұл көрсеткіш 20 оқушыға дейін жетсе, ауылдық жерлерде — шамамен 15 оқушыны құрайды.

Елде мұғалім мамандығына деген қызығушылық сақталып отыр. Себебі Қырғызстан ЖОО студенттерінің әр бесіншісі педагогикалық бағытты таңдайды. 

Бұдан бұрын Қырғызстан билігі азаматтарын электр энергиясын үнемдеуге шақырғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар