Қырғызстанда арнайы инвестициялық аумақ құрылады

АСТАНА.KAZINFORM - Қырғызстанның Ыстықкөл облысында құқықтық режим мен мәртебеге ие «Тамчы» арнайы инвестициялық аумағын құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

инвестиция
Коллаж: Kazinform

Қырғызстанның Экономика және сауда министрлігі тиісті заң жобасын әзірледі.

Құжат шетелдік және жергілікті инвестицияларды тартуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және экономиканың әртүрлі секторларын (өндіріс, туризм, сауықтыру орындары, көлік инфрақұрылымы) дамытуға көмектесетін экономикалық аймақты құруға және дамытуға бағытталған.

«Тамчы» арнайы инвестициялық аумағы кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ететін ерекше құқықтық режимге ие болады. Инвесторларға салықтық және заңды преференциялар беріледі: корпоративтік табыс салығынан және мүлік салығынан босату, шетелдік қызметкерлерге жеңілдік режимі және валюталық операциялар еркіндігі.

Бұл органдар белгiлi бiр өкiлеттiктер шеңберiнде жұмыс iстейді және заң жобасында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың қызметi мемлекетке тәуелсiз болады.

Заң жобасының бастамашылары БАӘ-дегі Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) және Қазақстандағы «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) сияқты аймақтарда осыған ұқсас тәсіл өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. Бұл орталықтар жаһандық капиталды тартатын нүктеге, жоғары білікті мамандардың хабына және ауқымды экономикалық реформалар алаңына айналды.

Қырғыз Республикасында салықтық әкімшілендіру процедурасы жеңілдетілгені туралы бұған дейін хабарланған болатын.

Осыған дейін Қырғызстанның саудагерлер үшін патент жүйесін қайта енгізгені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар