Қырғызстанда бағалар мен тарифтер өсіп жатыр

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстанда тұтыну бағалары мен тарифтері осы жылдың алғашқы 10 айында 2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 8,3%-ға өсті, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Рост цен и тарифов отмечается в Кыргызстане
Фото: Kazinform

Қырғызстан Республикасы Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін азық-түлік пен алкогольсіз сусындар бағасы 8,9%-ға, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдерінің бағасы 7,9%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 7%-ға, ал қызмет көрсету тарифтері 9,1%-ға өсті.

Биыл қаңтардан қарашасына дейін республиканың барлық аймағында тұтыну бағасы мен тарифтерінің өсуі байқалды. Ең үлкен өсім Ош қаласында тіркелген, бұл азық-түлік емес тауарлар бағаларының 10,7%-ға өсуімен байланысты.

Азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындар бағасының ең жоғары өсуі Шу облысында (12%), алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдері бағасының Ыстықкөл облысында (14,2%), ал қызмет көрсету тарифтерінің 10,6%-ға өсуі Талас облысында тіркелді.

Осыған дейін Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкі негізгі мөлшерлемені 100 базистік пунктке, 11%-ға дейін көтергенін жаздық. 

Соңғы жаңалықтар