17:57, 31 Қаңтар 2025 | GMT +5
Қырғызстанда БҰҰ шыңы атауы берілген тау шыңы пайда болды
БІШКЕК. KAZINFORM – Тиісті заңға мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Ыстықкөлдегі биіктігі 5576 метр аты жоқ тау шыңдарының біріне «Біріккен Ұлттар Ұйымының шыңы» географиялық атауы берілді.
Заңды Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші 2024 жылғы 25 желтоқсанда қабылдаған. Оның мақсаты – елдің мемлекеттік мүдделерін ескере отырып, Қырғыз Республикасы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы қарым-қатынасты нығайту және дамыту.
Аты жоқ тау шыңы Тянь-Шаньның Сары-Жаз жотасының Оңтүстік Инильчек мұздығының аймағында орналасқан.
Айта кетейік, Қырғызстан мен Тәжікстан шекара жөнінде келісті.