Қырғызстанда электр энергиясына шектеусіз тарифтер алынады

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Энергетика министрлігіне электр энергиясына шектеусіз тариф қолдануды тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Қырғызстанда электр энергиясына шектеусіз тарифтер алынады
Фото: Кабар

Президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзовтің хабарлауынша, Қырғызстан басшысы Энергетика министрі Таалайбек Ибраевтің «Қырғызстан Ұлттық электр желісі» ААҚ-на халықты электр энергиясына «шектеусіз тарифке» көшуге шақыруына байланысты әрекеттерін қатаң сынға алды. 

Садыр Жапаров электр қуатының тапшылығы кезінде мұндай бастамалардың қабылданбайтынын және әлеуметтік бөлінуге әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Оларға бұл тарифті қолдануды дереу тоқтату және қыс мезгілінде азаматтардың электр қуатына әділ және тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау тапсырылды.

Бұған дейін Қырғызстанның энергетика министрі Таалайбек Ибраев «Кабар» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында азаматтарды алдағы ең қиын қыс туралы ескертіп, энергияны үнемдеуге шақырған болатын.

Қырғызстандағы энергия тапшылығы: жанама жоспар бар ма — осы материалдан оқи аласыз. 

Соңғы жаңалықтар