Қырғызстанда эпизоотикалық бақылау күшейтіледі
БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстанда эпизоотикалық мониторингті күшейту және ветеринария саласын цифрландыру үшін «Аурудың ошағын тіркеу және бақылау жүйесі» геоақпараттық жүйесі әзірленді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.
Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігі жанындағы Ветеринария қызметінің мәліметінше, жаңа жүйе жұқпалы аурулардың таралуына жедел ден қоюды қамтамасыз етуге бағытталған және барлық деректерді карта форматында бірыңғай цифрлық платформада көрсетуге мүмкіндік береді.
Жүйе арқылы сібір жарасы, крематорийлер, Беккари шұңқырлары, мал тоғыту ванналары және мал қорымдарын есептеу және бақылау қолданылады.
Платформа интерактивті картада нысандарды дәл көрсету, эпизоотикалық шараларды жедел басқару, деректерді жинау, сақтау және талдау, сондай-ақ үкіметтік ақпараттық жүйелермен интеграциялау мүмкіндігін ұсынады.
Осыған дейін Қырғызстан мал мен ет импортына ветеринарлық бақылауды күшейткенін жазған болатынбыз.