Қырғызстанда ет бағасына мемлекеттік реттеу енгізілді

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғыз елінде ет бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қырғызстанда ет бағасына мемлекеттік реттеу енгізілді
Фото: Kazinform

Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік реттеудің мақсаты – ет бағасының өсуіне жол бермеу, малдың шекарадан өтуін бақылау және оның экспортына сандық шектеулер енгізу. 

Экономика және сауда министрлігіне қарасты Монополияға қарсы реттеу қызметіне республика бойынша ет бағасын үнемі қадағалап, сараптап отыру тапсырылды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ветеринария, мал шаруашылығы, жайылымдық және жемшөпті дамыту қызметіне мал тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлерге ветеринариялық-санитариялық бақылауды күшейту, сондай-ақ Шекара қызметімен бірлесіп, контрабандаға қарсы іс-қимыл бойынша нақты шаралар қабылдау жүктелді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қырғызстан халықаралық интернет-трафикке монополия енгізді. 

Соңғы жаңалықтар