Қырғызстанда қара металл сынығы мен қалдықтарын экспорттауға тыйым салынды

АСТАНА.KAZINFORM — Қырғызстанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс елдерге қара металл сынығы мен қалдықтарын әкетуге уақытша тыйым салынды. Тиісті қаулыға Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Қырғызстанда қара металл сынығы мен қалдықтарын экспорттауға тыйым салынды
Фото: freepik.com

Құжатқа сәйкес, тыйым ЕАЭО ТН ВЭД 7204 коды бойынша жіктелген қара металл сынықтары мен қалдықтарына, қайта балқытуға арналған темір құймаларына (шихта құймаларына) қатысты.

Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігіне белгіленген мақсатта экспортқа жол бермеу бойынша тиісті шараларды қабылдау үшін Дүниежүзілік сауда ұйымын және Еуразиялық экономикалық комиссияны, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігін — Атқару комитетін, Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметін және Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметін хабардар ету тапсырылды.

Алты ай мерзімге уақытша мораторий енгізілді. 

Соңғы жаңалықтар