Қырғызстанда қару мен оқ-дәрі қоймасы табылды

АСТАНА.KAZINFORM — Қырғызстанның Шу облысында атыс қаруы мен оқ-дәрі қоймасы табылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Қырғызстанда қару мен оқ-дәрі қоймасы табылды
Фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Шу облысы Аламудун ауданына қарасты Таш-Мойнок ауылдық округіне қарасты Прохладное таулы ауылы маңында қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері бір АКС-74, бір ТТ жартылай автоматы және 5,425 калибр және 20 дана оқ тауып, тәркіледі.

— Атыс қаруын бұрын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері елдегі саяси өтпелі кезеңде қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру үшін қолданған, — делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қарулардың бұрын жасалған қылмыстарға қолданылғаны туралы айғақтар анықталды.

Kazinform бұған дейін Бішкекте құқық қорғау органдары қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймасын тапқанын хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар