Қырғызстанда кенелер маусымы басталды

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстанда кене шағудың 17 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Kazinform-ның Бішкектегі меншікті тілшісі. 

кене
Фото: Pixabay

Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметінше, кенелердің белсенділігі әдетте сәуір айының соңында немесе мамыр айының басында шарықтайды, бірақ биыл ауа райы жылы болғандықтан олардың маусымдық белсенділігі наурыз айының соңында басталды. Өткен жылы кене шағудың 713 оқиғасы тіркелді, ал биылғы маусым басында 17 адам зардап шеккен. 

Ведомство кене шағу бірқатар қауіпті аурулардың дамуына әкелуі мүмкін екенін, олардың ең ауыры — кене энцефалиті екенін еске салады. Бұл ауру орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, ұзақ мерзімді мүгедектіктен өлімге дейін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Адамдарға далада жүргенде ашық түсті, жабық, тар жеңді киім кию, серуендеу кезінде және одан кейін киімдерін және дененің ашық учаскелерін үнемі тексеріп отыру, репелленттерді қолдану ұсынылды.

Осыған дейін Алматыда кенелерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары басталғанын жаздық. 

Соңғы жаңалықтар