Қырғызстанда қызылшамен ауырғандардың саны артты

корь
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда қызылша індетіне байланысты қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау науқанының екінші кезеңіне дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы Kazinform сайтының меншікті тілшісі хабарлады. 

Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық иммунопрофилактика орталығының мәліметінше, қызылша ауруына қатысты жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр. Елде қызылшамен ауырған 4855 адам тіркелді. Вирустың белсенді айналымы Бішкек, Шу және Жалал-Абад облыстарында байқалады.

«Аурудың көбеюінің негізгі себебі балалар мен ересектер арасында қызылша мен қызамыққа қарсы жоспарлы иммундаудан бас тартудың көптігі себеп болып отыр. Науқастардың 85 пайызы 10 жасқа дейінгі балалар», - ведомствоның баспасөз қызметі. 

Республикалық иммунопрофилактика орталығында дәрігерлерге арналған тренингтер өткізілуде, оның мақсаты — медицина қызметкерлерінің әлеуетін, халықтың хабардарлығын арттыру.

Соңғы жаңалықтар