Қырғызстанда Көлік министрінің бірінші орынбасары ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстанда Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бірінші орынбасары мен мердігер компанияның атқарушы директорына Нарындағы жолдарды күрделі жөндеуден өткізу кезінде заңсыздықтарға жол берді деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

ҚР Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) мәліметтері бойынша, 2025 жылдың 31 тамызындағы тергеу жұмыстары барысында Нарын ішкі істер басқармасы бөлімшесінің қызметкерлері Нарын қаласындағы Шералиев, Ленин көшелерін күрделі жөндеу барысында ҚР Көлік және коммуникация министрінің бірінші орынбасары С.Т. мен «Бета-Групп» компаниясының атқарушы директоры М.А. ұсталды.
Қырғызстан МҰҚК және Нарын облыстық ІІБ Қылмыстық кодекстің 337-бабы (қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.
Осыған дейін Қырғызстанда субсидия квоталарын заңсыз таратқан шенеуніктер әшкереленгені туралы жаздық.