Қырғызстанда көлік саны 1,8 миллионға жақындады

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда тіркелген автокөліктер саны жарияланды, деп хабарлайды Кабар.

дорога, трасса, автомобили, көлік, строительство, құрылыс
Фото: Александр Павский / Kazinform

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қырғызстанда 1 миллион 778 мың 901 көлік құралы тіркелген. Бұл туралы «Кабар» агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында Көлік құралдары мен жүргізушілерді тіркеу жөніндегі мемлекеттік агенттік директорының орынбасары Бақыт Насыров мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2025 жылдың қаңтарынан маусымына дейін ведомство қызметкерлері 425 323 көлікті тіркеу және қайта тіркеу операциясын жүргізген.

Сондай-ақ, алдыңғы бүйір терезелерді қараңғылатуға арналған 9 152 рұқсатнама берілген, олардың басым бөлігі жеке тұлғаларға тиесілі.

Бұдан бұрын Қырғыз Республикасының аумағына 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін әкелінген, шет мемлекеттердің мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар, құқық белгілейтін құжаттары жоқ және кедендік ресімдеуден өтпеген барлық көлік құралы заңдастырылуы тиіс екені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар