Қырғызстанда мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жүйесі енгізілді
БІШКЕК. KAZINFORM – Ел үкіметі мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау үшін «Пікірлер» ақпараттық жүйесін енгізді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Ақпараттық алаң азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалауға және ұсыныстар енгізуге, мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара әрекеттесу кезінде орын алған заңбұзушылықтар немесе қиындықтар туралы жедел хабардар етуге және мемлекеттік органдардың проблемалық мәселелерді жедел анықтауына және жоюына мүмкіндік береді.
Қырғыз Республикасы Президентінің Әкімшілігі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне тұрақты мониторинг жүргізіп, азаматтардың пікірлерін уақтылы қарауды бақылайды және олардың өтініштері еленбеген жағдайда шаралар қабылдайды.
Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің басшысы Адылбек Қасымалиев мемлекеттік органдардың басшыларына пікір жіберу үшін тиісті QR сілтемелерін кеңінен орналастыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
Бұған дейін Қырғызстандағы орташа жалақы мөлшері анықталғанын жазған болатынбыз.