Қырғызстанда мүгедектерді зорлағандар өмір бойына сотталады

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты сексуалды қылмыс жазасы күшейтілді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Инвалидная коляска Мүгедектер арбасы
Фото: Әділет Беремкулов/Kazinform

Ел парламенті жасы алпысқа толса да мүмкіндігі шектеулі жандарды зорлағаны үшін кінәлі деп танылғандарды жынысы мен жасына қарамастан өмір бойына бас бостандығынан айыруы мүмкін заң жобасын қабылдады.

Заң жобасы мүгедектердің жыныстық құқығын қылмыстық шабуылдардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіне 60 жасқа толған адамдарға балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын түзетулер енгізілген болатын.

Осыған дейін Қырғызстанда TikTok-ты бұғаттан шығару ұсынылғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар