Қырғызстанда Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Бішкекте А.Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық театры сахнасында Қазақстан Республикасының халық әртісі, танымал композитор және дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Әлқисса» атты шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай концерт өтті
Фото: Гүлмира Абдрахманова

Іс-шараны Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық оркестрінің музыкалық орындауы ашты. Оркестрдің дирижёрі, көркемдік жетекші Дінзұһра Тілендиева.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай концерт өтті
Фото: Гүлмира Абдрахманова

Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен концертке Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбек, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Зарина Алтынбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші Нұркен Әшіров, халықаралық байқаулардың лауреаттары Ұлжан Ағлақова, Төлеген Рахымбаев, Мұса Сапаралы, Ардақ Әмірқұлова, Салтанат Құдайберген, Фархат Құбиев, Әділ Ахметжанов, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі, танымал қомузшы Закирбек Дүйшөнбек уулу, сондай-ақ «Сазген» және «Кұлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері мен «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі қатысты.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай концерт өтті
Фото: Гүлмира Абдрахманова

Елорда көрермендері қазақ музыкасының алтын қорына айналған Нұрғиса Тілендиевтің үздік шығармаларын қазақстандық және қырғызстандық өнерпаздардың орындауында тыңдап, ерекше әсер алды.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай концерт өтті
Фото: Гүлмира Абдрахманова

Шығармашылық кеште Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет», «Алатау», «Жүрегім менің», «Куә бол», «Құстар қайтып барады», «Саржайлау» сынды танымал туындылары және басқа да шығармалары орындалды.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай концерт өтті
Фото: Гүлмира Абдрахманова

Концерттің құрметті қонақтары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ қазақ диаспорасының мүшелері болды.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай концерт өтті
Фото: Гүлмира Абдрахманова

Мерекеде бішкектік көрермендер қол шапалақтап, зор қошемет көрсетті.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары қарсаңында Бішкекте Қазақстан киносының күндері басталды.

Сондай-ақ Шоқан Уәлиханов туралы деректі фильм таныстырылды.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай концерт өтті
Фото: Гүлмира Абдрахманова
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай концерт өтті
Фото: Гүлмира Абдрахманова
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай концерт өтті
Фото: Гүлмира Абдрахманова

 

 

Соңғы жаңалықтар