Қырғызстанда орташа айлық жалақы 42 мың сомнан асты
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында Қырғызстанда шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда, бір жұмысшының орташа айлық номиналды жалақысы 42 020 сомды құрады, деп хабарлайды Кабар.

Қырғызстанның Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,6%-ға өскен.
Тұтыну бағалары индексін ескергенде, нақты жалақы 11,5%-ға артты.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында орташа айлық номиналды жалақы барлық экономикалық салаларда өскені байқалды.
Ең үлкен өсім төмендегідей салаларда тіркелді:
-
жылжымайтын мүлік операциялары — 40,3%;
-
құрылыс — 39,4%;
-
әкімшілік және қосымша қызметтер — 30,1%;
-
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету — 27,3%;
-
кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер — 27,3%;
-
қонақүйлер мен мейрамханалар — 26,2%;
-
мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру — 24,2%;
-
қаржылық делдалдық және сақтандыру — 22,9%;
-
басқа қызмет көрсету салалары — 21,3%.
Осыдан бұрын Қырғызстанда жазда және күзде шекара қызметкерлерінің жалақысы өсетіні мәлім болды.
Сондай-ақ Қырғызстанда денсаулық сақтау ұйымдарындағы техникалық және кіші қызметкерлердің жалақысы 20%-ға артты.