Қырғызстанда референдумда дауыс беру аяқталды
БІШКЕК. KAZINFORM- Бішкекте жергілікті уақыт бойынша, сағат 20:00-де Қазақстанның Қырғызстандағы дипломатиялық өкілдігінде референдум өтетін учаскеде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Kazinform-ның меншікті тілшісі.
Қырғызстандағы №428 учаскеде электоралды процесс тыныш өтті. Адамдардың келу көрсеткіші 71 пайызды құрады.
Дауыс беруге түрлі себеппен елде жүрген және тұрақты тұратын отандастар қатысты. Олардың қатарында спортшылар мен студенттер де бар.
Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері референдум учаскесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, дауыс беру үдерісінің ашықтығы мен айқындығын сақтауға, сондай-ақ қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар күшін салды.
Бұған дейін Қырғызстандағы қазақстандықтардың қалай дауыс беріп жатқаны туралы хабарланған болатын.
Сондай-ақ Бішкектегі референдумның учаскелік комиссиясына Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика құрамасы келіп, дауыс берді.