Қырғызстанда шетел азаматтарына резидент-карта беріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Енді Қырғызстанға келетін шетел азаматтары өз қызметін резидент-карта негізінде жүзеге асыратын болады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық департаментінің директоры Сейтек Жумакадыр уулу БАҚ өкілдеріне арналған брифингте мәлімдеді, деп Кабар агенттігі жазды.

Қырғызстанда шетел азаматтарына резидент-карта беріледі
Фото: Кабар

Ведомство басшысының айтуынша, резидент-картаға шетел азаматының жеке деректері енгізіледі.

Атап айтқанда, картада мынадай мәліметтер болады:

  • шетел азаматының аты-жөні;

  • денсаулық жағдайына қатысты көрсеткіштер;

  • жалақы мөлшері;

  • салықтық аударымдар;

  • шақырушы тарап пен жұмыс беруші туралы ақпарат.

Сонымен қатар резидент-карта банктік карта қызметін де атқарады.

Қырғызстанда шетел азаматтарына резидент-карта беріледі
Фото: Кабар

Сейтек Жумакадыр уулуның сөзінше, резидент-карталар жүйесі елдің және шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Бұдан бөлек, бұл бастама бюрократиялық рәсімдерді азайтуға және уақыт үнемдеуге бағытталған.

Қырғызстанда шетел азаматтарына резидент-карта беріледі
Фото: Кабар

— Бір жағынан, елімізге кім келіп, қайда жұмыс істеп жүргенін білуіміз қажет. Екінші жағынан, шетел азаматтарының өз қауіпсіздігіне де баса назар аударуымыз керек, — деді ол.

Іс-шара соңында Консулдық департаменттің директоры Қырғызстанда жұмыс істеп жүрген шетелдік компания қызметкерлеріне алғашқы резидент-карталарды табыстады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанда бағалар мен тарифтер өсіп жатқанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар