Қырғызстанда ШЫҰ-ға мүше елдердің бас прокурорларының кеңесі өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM—Бішкектегі «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Қырғызстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің бас прокурорларының кеңесі өтіп жатыр.

шос
Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Оған Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның қадағалау департаменттерінің басшылары, ұйым хатшылығының, ШЫҰ-ның терроризмге қарсы аймақтық құрылымының және халықаралық прокурорлар қауымдастығының басшылары қатысып жатыр.

Қатысушылар қазіргі әлемдегі және цифрландыру дәуіріндегі прокуратураның рөлін, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жаңа қауіптерге қарсы тұру тәжірибесін талқылап, цифрландыру жағдайында адам құқықтарын қамтамасыз етудің бірлескен стратегияларын әзірлейді.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жалғастыру және ШЫҰ жұмысын күшейту туралы хаттамаға қол қойылады.