Қырғызстанда субсидия квоталарын заңсыз таратқан шенеуніктер әшкереленді

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанның су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрінің орынбасарын республиканың арнайы қызметі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Кabar.kg хабарлады. 

Қырғызстанда ауыл шаруашылығы вице-министрі жемқорлық үшін қамауға алынды
Фото: pexels

Белгілі болғандай, 2025 жылдың шілде айында министрлік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында мал экспорттауға квота енгізген.

Алайда Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Ветеринариялық қызметтің директоры, министрлік бөлім басшысы және ветеринариялық қызмет бөлімінің бастығы қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, мал шаруашылығымен шын мәнінде айналыспайтын, өздеріне аффилирленген тұлғаларға заңсыз квота беру бойынша жемқорлық жоспарын ұйымдастырған. Бұл ретте олардың мал басы бар деген актілерді министрлік басшыларының нұсқауымен аудандық ветеринария басқармасының қызметкерлері қолдан жасаған.

Арадағы делдал-кәсіпкерлер заңсыз алынған квоталарды фермерлерге және мал экспорттаумен айналысатын адамдарға сатып, ірі қара малдың әр басын 300 АҚШ долларынан, ал ұсақ малдың әр басын 5 мың сомнан берген.

Осы жемқорлық сызбаның салдарынын Жалал-Абад облысы аумағы арқылы көрші Өзбекстан Республикасына 40 мыңнан астам мал заңсыз экспортталған, бұл ет бағасының қымбаттауына себеп болды.

Қазіргі уақытта қозғалған қылмыстық іс аясында Ауыл шаруашылығы министрлігінің аталған лауазымды тұлғалары мен делдал-кәсіпкерлер ұсталып, Жалал-Абад облысы бойынша ҰҚК-нің тергеу изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетелік Қырғызстан ірі инвесторлар үшін жағдайды жеңілдетіп жатқаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар