Қырғызстанда такси жүргізушілерінің лицензиясын тексеру кейінге қалдырылды
АСТАНА. KAZINFORM — Такси жүргізушілерінің лицензиясын тексеру 2026 жылғы 1 ақпанға дейін кейінге ауыстырылды. Бұл туралы «Кабар» агенттігіне Жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты басқармасының (ГУОБДД) баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың мәліметіне сәйкес, бұрын такси жүргізушілерінен лицензия алу кезінде ГУОБДД бөлімдерінде ұзын-сонар кезектер пайда болатыны жөнінде өтініштер түскен. Сондықтан жүргізушілер құжаттарды белгіленген мерзімде рәсімдей алмай отырған.
Осы өтініштерді ескере отырып, Жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты басқармасының бастығы, полиция полковнигі Азенбек Козукеев лицензия рәсімдейтін жүргізушілермен кездесті. Ол қызметкерлерге ұзын кезектерді қысқарту және жүргізушілерге ыңғайлы жағдай жасауға қатысты тапсырма берді.
Азенбек Козукеев кезектерді қысқарту үшін жұмыс аптаның сенбі күндері де жалғасатынын және түскі үзіліс уақытын қысқартатынын атап өтті.
Сондай-ақ лицензияны тексеру және рейдтік шаралар кезінде айыппұл санкциялары енгізу мерзімі 2026 жылғы 1 ақпанға дейін кейінге қалдырылғанын хабарлады.
Сонымен қатар, ол такси шақыру бағдарламасын (Информациялық жүйе арқылы такси шақыру) пайдаланатын жүргізушілердің жұмысы 2026 жылғы 1 ақпанға дейін бұғатталмайтынын айтты.
Лицензияларды беру республика бойынша барлық ГУОБДД бөлімдерінде жалғасып жатыр.
Осыдан бұрын Қырғызстанда жанар-жағармай материалдарына қатысты жағдай тұрақтанғаны хабарланды.