Қырғызстанда Тәжікстан және Өзбекстан шекарасында бақылауды күшейту ұсынылды

БІШКЕК. KAZINFORM – Елде қырғыз-тәжік және қырғыз-өзбек шекарасындағы кейбір өткізу пункттерінде көліктік бақылауды енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Қырғызстанда Тәжікстан және Өзбекстан шекарасында бақылауды күшейту ұсынылды
Фото: gov.kg

Министрлер кабинетінің тиісті қаулысының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Қазіргі уақытта ЕАЭО-ның сыртқы шекарасының қырғыз учаскесінде көліктік бақылау «Торугарт-автодорожный», «Иркештам-автодорожный» (ҚХР), «Қарамық-автодорожный», «Қызыл-Бел-автодорожный», «Құлынды-автодорожный» (Тәжікстан), «Достық-авдорожный» (Өзбекстан) автомобиль өткізу пункттерінде жүзеге асырылып келеді.

Сонымен бірге, «Кайрагач-автодорожный», «Бор-Добо-автодорожный» (Тәжікстан), «Қызыл-Қия-автодорожный», «Қара-Багыш-автодорожный» және «Кең-Сай-автодорожный» (Өзбекстан) өткізу пункттерінде қырғыз-тәжік шекарасы бойынша қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасы бойынша көліктік бақылауды жүзеге асыру қарастырылмаған.

Аталған бақылау-өткізу пункттері арқылы көршілес және басқа елдердің көліктері екіжақты халықаралық тасымалдауда ғана емес, жүкті сонымен қатар Тәжікстан, Қазақстан, Ресей және басқа да мемлекеттерге тасымалдап жүр, бұл ретте халықаралық автомобиль қозғалысы туралы халықаралық келісімдердің нормалары бұзылып отыр.

Қырғызстан аумағына кіру және транзиттік өту үшін шетелдік көлік тасымалдаушылардың тиісті рұқсат түрлері болуы тиіс. Шетелдік көлік тасымалдаушы автомобиль көлігі туралы халықаралық шарттардың ережелерін бұзғаны, оның ішінде елдің аумағына халықаралық тасымалдау үшін тиісті рұқсатсыз кіргені үшін Қырғыз Республикасының аумағына кіруге тыйым салу қарастырылған.

Осыған байланысты Тәжікстан және Өзбекстанмен мемлекеттік шекарада кеден органдары кедендік және көліктік бақылауды жүзеге асыратын өткізу пункттерінің тізбесіне өзгертулер енгізу ұсынылып отыр.

Қырғызстан Ресейге өз мигранттарының мәселелері бойынша нота бергенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар