Қырғызстанда тұрмыстық зорлық жасағандар 14 күнге қамалады

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату ұсынылып жатыр. Енді отбасылық тирандарды 14 тәулікке дейін қамауға алу көзделген, деп жазады Кабар.

наручники
Фото: Polisia.kz

Бүгін Жогорку Кенештің Құқықтық тәртіп, қылмысқа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитеті Қырғыз Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне (ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне, «Отбасылық зорлық-зомбылықтан қорғау және алдын алу туралы» заңына) өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарап, мақұлдады.

Аталған заң жобасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік қамау мерзімін 14 тәулікке дейін ұзарту арқылы жауапкершілікті күшейту ұсынылған.

Жазаны қатайту мынадай мақсаттарды көздейді:

  • құқықбұзушыны ұзақ уақытша оқшаулау арқылы қайталама құқықбұзушылықтарды азайту;

  • жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уақыт беру арқылы шынайы қорғау механизмін қалыптастыру;

  • халық арасында құқықтық сана деңгейін көтеру және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзімсіз көзқарас қалыптастыру.

Бұған дейін Қырғызстанда зорлық көрсеткен адам енді екі аптаға қамалуы мүмкін екені айтылған еді.

Соңғы жаңалықтар