Қырғызстанда ҰҚМК басшысының атын жамылған блогерлер жалған уәде берген
АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстанда белгілі блогерлер Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамчыбек Ташиевтің атын жамылып, азаматтардың түрлі мәселелерін қаржылай сыйақы үшін шешуге сөз берген.
Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, блогерлер арнайы қызмет басшысының атын жамылып, ақша төлеген жанның мәселесін шешуге көмектесеміз деп уәде берген.
Ведомствоның хабарлауынша, ҰҚМК төрағасы азаматтардың өтініштерін Қырғыз Республикасының «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының нормаларына сәйкес қарастыруда.
«Күдікті тұлғалар тарапынан түрлі жалған сөздер мен ықтимал алаяқтық фактілерінің алдын алу үшін ведомство халықты заңсыз әрекеттерге бармай, оған заңда белгіленген тәртіппен хабарласуға шақырады», - делінген хабарламада.