Қырғызстанда ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді

АСТАНА.KAZINFORM - Бүгін Шолпан-Атада Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

ҰҚШҰ
Фото: ҰҚШҰ

Отырыс барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері халықаралық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылайды. Терроризмге, экстремизмге, трансұлттық қылмысқа, сондай-ақ жаңа қауіп-қатерлерге, соның ішінде қазіргі әлемде маңыздылығы артып отырған киберқауіпсіздік пен ақпараттық сын-қатерлерге қарсы тұруға ерекше назар аударылатын болады.

Іс-шара қорытындысы бойынша мүше мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, интеграцияны тереңдетуге және ұйым аясында бірлескен бастамаларды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады.

- Бұл келісімдер аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде тиімді ынтымақтастық пен үйлестіруге негіз болады, - деп хабарлады Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі.

Мамыр айында Бішкекте ҰҚШҰ парламентшілері есірткі және киберқылмыспен күресу шараларын талқылады.

Қырғызстан макулатура экспортын уақытша тоқтатты.

Соңғы жаңалықтар