Қырғызстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған «Ат чабыш» монетасы шығарылды
АСТАНА. KAZINFORM - 1 тамыздан бастап Қырғызстан Ұлттық банкі 2024 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» сериясының «Ат Чабыш» күміс коллекциялық монетасын айналымға шығарады.

«Ат чабыш» – ұзақ қашықтыққа ат жарыстыратын қырғыздардың ежелгі және танымал спорт түрі.
Монетаның алдыңғы жағында ипподром фонында атқа мінген екі шабандоз бейнеленген. Монетаның жоғарғы жағында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының эмблемасы және «Ат чабыш / at Chabysh» монетасының атауы жазылған жазба, сондай-ақ 10 сом монетаның номиналы көрсетілген.

«Ат чабыш» коллекциялық монетасы Қырғыз Республикасының аумағында ресми төлем құралы мәртебесіне ие.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық спорт түрлері бойынша әлемдегі ең ірі жарыстар 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Қазақстан астанасы еліміздің және әлемнің әр елінен 100 мыңға жуық туристті қабылдауға дайындалып жатыр.
Бұған дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлделердің жалпы сомасы 253 млн теңге екені хабарланған болатын.