Қырғызстанда жалақыны қолма-қол ақшамен төлеуге рұқсат берілді

АСТАНА. KAZINFORM - Елдің Министрлер кабинеті жалақыны қолма-қол ақшамен беруге рұқсат етуге болатын жағдайларды анықтады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

сом
Фото: Kazinform

Үкіметтің қол қойылған қаулысына сәйкес қызметкерлерге жалақыны қолма-қол ақшамен төлеуге рұқсат етіледі:

қызметкердің жұмыс орны орналасқан аумақта банктік қызметтерді алу инфрақұрылымдары болмаған жағдайда;

маусымдық дала жұмыстарына жұмысшыларды қабылдағанда;

кәсіпорынның банктік шоттарына тыйым салынған жағдайда;

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін пәтер иелері кооперативтерінің қызметкерлеріне;

ауыл шаруашылығы кооперативтеріне.

Бұл ретте жұмыс берушілер салық төлеу және қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша тиісті құжаттаманы жүргізу міндетінен босатылмайды.

Қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Қырғызстанда заңға сәйкес, 2024 жылдың 1 қазанынан бастап барлық жұмыс беруші – заңды тұлғалар жалақыны тек қолма-қол ақшасыз төлеуге міндетті.

Өткен жылдың қыркүйегінде елімізде 2026 жылға дейін мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге мораторий енгізілген болатын.

Бұған дейін Қырғызстанда барлық есеп айырысу соммен жүргізілетінін хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар