Қырғызстанда жалған ақша жасаушылар ұсталды
АСТАНА.KAZINFORM - Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті жалған ақша жасаушыларды ұстады.

Арнайы қызметтің хабарлауынша, Қырғызстан азаматтарының жалған шетел валютасының банкноттарын тарату фактісі анықталған.
Қырғызстандық екі азамат жалған ақша сатып, қолайлы жағдай жасау мақсатында ескі көліктерді сатып алу-сату бизнесін ұйымдастырғаны анықталды. Олар транзакцияларды жасаған кезде жалған шетел валютасының банкноттарымен төлеген.

13 қаңтарда олардың тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі шетел және ұлттық валютадағы банкноттар тәркіленді. Банкноттар сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Күдіктілер ұсталып, Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұған дейін Интерполдың іздеуінде жүрген Қырғыз Республикасы президентінің бұрынғы көмекшісі Молдовада ұсталғаны хабарланған болатын.