Қырғызстанда Жаңа жылдық безендіру кезінде энергия тиімділігін ескереді

АСТАНА.KAZINFORM - Қырғызстан астанасындағы Ала-Тоо алаңында жаңа жылдық безендіруге дайындық басталып кетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Бишкек к Новому году украсят с учетом энергосбережения
Фото: Бішкек қаласының мэриясы

Бішкек қалалық әкімдігінің мәліметінше, биыл бас шырша алаңның солтүстік жағына орнатылады. Энергия үнемдеу бойынша ұсыныстар энергия тиімділігін, қауіпсіздік және тұрғындар үшін ыңғайлылықты ескере отырып қабылданады. Әшекейлеу үшін қуат реттегіштері бар жаңа энергия үнемдейтін шамдар сатып алынады, толық безендірілген шырша 53 кВт/сағ тұтынады.

Алаңда 1400 шаршы метрлік мұз айдыны да орнатылады; сыртқы температура көтерілген кезде оны пайдалану үшін 30 кВт/сағ дейін электр энергиясы қажет болады.

Адамдарға кең алаң жасау, сондай-ақ қаланың электр желісіне түсетін жүктемені үнемдеу және оңтайландыру үшін ғимараттар саны 14-ке дейін қысқартылады. Сонымен қатар, ғимаратқа ең көп қуат жүктемесі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азаяды. Нысан үшін қажетті қуат шамамен 2 кВт болады. Серуендеу алаңы, тамақтану аймақтары және қоғамдық іс-шаралар кешкі сағат 22:00-ге дейін ашық болады.

Әкімдіктің мәліметінше, барлық орнату жұмыстары желтоқсанның ортасына дейін аяқталуы керек.

Айта кетейік, Қырғызстанда электр энергиясы тапшылығы байқалады. Электр энергиясын үнемдеу үшін үкіметтік әкімшілік ғимараттарда сағат 18:00-ден 06:00-ге дейін үй ішіндегі және сыртқы жарықтандыру және электр құрылғыларын пайдалану шектелді. Мектептерде энергия үнемдеу шаралары енгізілді.

Тыныштық туралы заңға сәйкес және энергияны үнемдеу үшін Бішкектегі барлық мәдени және ойын-сауық орындары сағат 22:00-ден кейін жабылады.

2025 жылдың қыркүйегінде Қырғызстанның энергетика министрі «Кабар» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында азаматтарды алдағы қыс қиындығы туралы ескертіп, оларды электр энергиясын үнемдеуге шақырды. Қазіргі уақытта ел өндіргеннен гөрі көп электр энергиясын тұтынады. Тапшылық көрші елдерден электр энергиясын импорттау арқылы жабылады.

Бұған дейін Қырғызстанда электр энергиясы тапшылығына не себеп болғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ Қырғызстан энергетикалық тәуелділіктен қашан арылатыны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар