Қырғызстанда жеке деректерді қорғау талаптарын бұзғандарға айыппұл салынады

АСТАНА.KAZINFORM — Елде жеке деректерді қорғау талаптарын бұзғандар үшін жауапкершілік көздейтін Құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Қырғызстанда жеке деректерді қорғау талаптарын бұзғандарға айыппұл салынады
Фото: freepik

Енгізілген түзетулерге сәйкес, жеке ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, қорғау, беру және тарату тәртібін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 7,5 мың сом (43 мың теңгеден астам), лауазымды адамдарға 10 мың сом (57,8 мың теңге), заңды тұлғаларға 65 мың теңге (65 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Жеке деректер массивтерін ұстаушылардың тізіліміне толық емес немесе жалған мәліметтерді енгізгені, сондай-ақ тізілімде белгіленген тәртіппен тіркелмей дербес деректерді жинағаны, сақтағаны және өңдегені үшін заңды тұлғаларға 45 мың сом (260 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Дербес деректердің белгіленген тәртіпті бұза отырып трансшекаралық берілуі, дербес деректер массивінің иесінің субъектіге оның дербес деректерін беруден негізсіз бас тартуы және дербес деректер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның заңды талаптарын орындамағаны үшін де жауапкершілік көзделген.

Түзетулер ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң күшіне енеді.

Қырғызстанда цифрлық сомды қабылдаудан бас тартқаны үшін айыппұл салынатыны бұған дейін хабарланған болатын. 2025 жылдың 10 ақпанында интернетте жала жабу немесе қорлау үшін айыппұл салу туралы заң күшіне енді.

Айта кетейік, Қырғызстан заңсыз көші-қонға қарсы күресті күшейтті.

Соңғы жаңалықтар