Қырғызстанда жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM – Геофизикалық зерттеулер институты РМК жедел деректеріне сәйкес бүгін, 25 шілде Астана уақыты бойынша сағат 02:40-та Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды.
Эпицентрдің координаттары: 41.41 градус солтүстік ендік, 72.47 градус шығыс бойлық.
Магнитудасы mb=4.6
Энергетикалық класс K=10.5.
Айта кетейік, кеше Жетісу облысында жер сілкінді.
Жерасты дүмпуі Астана уақытымен сағат 08:47-де Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 км аумақта тіркелді.