Қырғызстанда жол жүру ережесін бұзғандарды жол жиегінде тексеру тоқтатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді жол жиегінде тексеру туралы заң жобасын Жоғарғы Кеңестен қайтарып алды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Тестирование нарушителей ПДД на дорогах отменяется в Кыргызстане
Фото: Freepik

Ел президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзовтың айтуынша, президент Садыр Жапаров Ішкі істер министрлігіне тиісті тапсырма берді. Ол бұл бастамаға қатысты қоғам сынын ескерді.

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап елде жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді орнында тексеру енгізілетін болған. Кейін бұл кейінге қалдырылды.

Сондай-ақ, Қырғызстанда бір жыл ішінде үш немесе одан да көп жол қозғалысы ережелерін ауыр бұзған жүргізушілер қайтадан тест тапсыруға міндетті болатынын жазған едік.

Бұдан бөлек, Қырғызстанда жүргізуші куәлігіне емтиханды ЖИ қабылдайтынын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум