Қырғызстанда жұмыссыз ретінде тіркелгендердің жартысына жуығы — әйелдер

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді, деп хабарлайды Кабар.

Қырғызстан әйелдері
Фото: kabar.kg

Аталған мәліметтерді Қырғызстанның Ұлттық статистика комитеті жариялады. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қырғызстанда мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі органдарында тіркелген жұмыссыз халықтың саны 64,8 мың адамды құрады.

Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 18,1%-ға төмен.

Олардың ішінде тіркелген жұмыссыздар саны — 45,3 мың адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,4%-ға азайған.

Негізгі деректер:

  • Тіркелген жұмыссыздардың 45,7%-ы — әйелдер;

  • Жалпы жұмыс күші ішіндегі тіркелген жұмыссыздық деңгейі — 1,6%.

Мұндай оң динамика Қырғызстан үкіметінің жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамту бағдарламаларын дамыту бағытындағы шараларының нәтижесін көрсетеді.

Осыған дейін Қырғызстан халқының саны қанша адамға жеткені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум