Қырғызстандағы эпиджағдай: балабақшалар мен мектептерде карантин енгізілді
БІШКЕК. KAZINFORM — Тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекция жағдайларының көбеюіне байланысты 214 балабақша уақытша жабылды, ал 207 мектеп қашықтан оқытуға көшті, деп хабарлайды Қырғызстан Республикасы Ағарту министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бұйрығына сәйкес, оқу процесі онлайн форматқа көшіріліп жатыр. Мектептердің Білім министрлігіне қашықтан оқытуға көшкендері туралы хабарлауы ғана жеткілікті.
— Білім беру мекемелері қазіргі уақытта аурулардың алдын алудың күшейтілген шараларын жүзеге асырып отыр. Республика бойынша 207 мектеп сабақтар онлайн өткізіп жатыр, ал 214 балабақша уақытша карантинде, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Қырғызстанда эпидемиологиялық маусымның басталуымен бірге жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) таралуы артқанын жазған болатынбыз.
Айта кетейік, Алматының санитарлық қызметі Жаңа жыл қарсаңында мектептер мен балабақшаларда жаппай іс-шараларды шектеуді ұсынды.