Қырғызстанды 20 округке бөлмекші

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ош облысы Ноокат ауданының тұрғындарымен кездесуінде әкімшілік-аумақтық реформаның екінші кезеңін жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Кыргызстан намерены разделить на 20 округов
Фото: Қырғызстан Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі

Қырғыз басшысының айтуынша, билік елде облыстар мен аудандардың орнына 20 округ құруды жоспарлап отыр.

- Қазіргі уақытта республикада 44 аудан және 33 қала бар. Барлық облыстар мен аудандар таратылып, оның орнына 20 округ құрылады, бірақ бұған дейін әлі үш-төрт жыл бар. Бастапқыда пилоттық жоба ретінде бір округ құрылады, ал алдағы екі-үш жылда біз оны республикалық бюджет қаражатынсыз қалай басқарылатынын бақылаймыз. Егер бәрі сәтті болса, аудандар мен облыстар таратылып, ел округтерге бөлінеді, - деп атап өтті Қырғыз Республикасының Президенті.

Оның айтуынша, бұл басқару тиімділігін арттырып, шығындарды азайтып, аймақтардың қаржылық дербестігін нығайтуы тиіс.

Осыған дейін жақын арада Қырғызстанда SpaceX компаниясының Starlink спутниктік байланыс қызметі іске қосылатынын хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар