Қырғызстандық әуе компания Қазақстанға тікелей рейстерді іске қосады

АСТАНА.KAZINFORM - Көлік министрлігі 27 маусымнан бастап Қазақстанның авиациялық нарығына Қырғызстанның әуе компаниясы – «Asman Airlines» кіретінін хабарлады.

Қырғызстандық әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

Компания Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша аптасына екі рет (дүйсенбі және жұма күндері) тұрақты тікелей жолаушы рейстерін орындай бастайды. Сонымен қатар 3 шілдеден бастап қазақстандық «Fly Arystan» әуе тасымалдаушысы да Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосады.

Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Осылайша, жазғы кезеңде көрсетілген бағыт бойынша аптасына 4 тұрақты жолаушы рейсі орындалатын болады.

Әуеқатынастың ашылуы екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.

Айта кетейік, Қытайдан Алматыға тағы бір тікелей рейс іске қосылды.

Қазақстан әуе компаниясы 25 маусымнан бастап Таяу Шығысқа қайта ұшады.

Соңғы жаңалықтар