Қырғызстанға мұнай жеткізу көлемі артып, Өзбекстан бағыты бойынша транзит қайта жалғасты

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазТрансОйл Қырғызстанға мұнай жеткізу көлемін арттырып, Өзбекстан бағыты бойынша транзитті қайта бастады.

 ҚазТрансОйл
Фото: ҚазТрансОйл

Қырғыз Республикасына мұнай жеткізу биыл қараша айында қайта жанданған болатын. Бұған дейін бұл бағытқа мұнай 2017 жылы тасымалданды. 2025 жылдың соңына дейін ҚазТрансОйл Қырғызстанға 30 мың тоннаға дейін мұнай жөнелтуді жоспарлап отыр.

- Өзбекстан бағыты бойынша мұнай транзиті биылғы желтоқсан айында 35 мың тоннаға дейінгі көлемде жүзеге асырылады деп күтілуде, - деп жазды компаниядан.

Барлық бағыт бойынша мұнай тасымалдау магистралды мұнай құбырлары жүйесі арқылы «Шағыр» мұнай құю пунктіне дейін жүзеге асырылады. Аталған пунктте мұнай теміржол цистерналарына құйылады.

Мұнай тасымалы көлемінің оң серпіні халықаралық серіктестермен тиімді әрі өзара пайдалы ынтымақтастықтың нәтижесінде қамтамасыз етіліп отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда мұнай өнімдеріне жаңа акциз мөлшерлемелері қабылданды.

Соңғы жаңалықтар