Қырғызстанның екі облысында жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM — Кеше Қырғызстан аумағында екі жер сілкінісі болды, деп хабарлайды КАВАR.

Тәжікстанда 5,5 балдық жер сілкінісі болды
Фото: Анадолы

Бұл туралы ҚР ҰҒА Сейсмология институты хабарлады.

Бірінші сейсмикалық оқиға сағат 16:32-де тіркелді. Жер сілкінісінің магнитудасы MSK-64 шкаласы бойынша 3,0 болды. Жер асты дүмпулері Баткен облысының Лейлек ауданында сезілді — Коргон ауылында дүмпу күші 2,5 баллға жетті. Жер сілкінісінің ошағы Коргон ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км және Баткен қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км қашықтықта орналасты.

Екінші жер сілкінісі сағат 16:37-де болды. Оның магнитудасы 3,5-ке жетті. Дүмпулер Нарын облысында, атап айтқанда:

— Кочкор ауданының Семиз-Бел ауылында — 3,5 баллға дейін,
— Арсы, Кочкор, Қара-Тоо, Қара-Су, Большевик ауылдарында және Орто-Тоқой су қоймасы ауданында — 3 баллға дейін сезілді.

Жер сілкінісінің ошағы Семиз-Бел маңында — солтүстік-шығысқа қарай 8 км, Орто-Тоқой су қоймасынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км және Балықшы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км қашықтықта орналасты.

Алдын ала мәлімет бойынша қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді. Қазіргі уақытта екі облыста жер сілкінісінің салдары нақтыланып жатыр.

Бұған дейін Эквадорда 6,3 балдық жер сілкінісі болғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар