11:29, 04 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы туды өзгертуге байланысты ойын айтты
Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Қасмамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында туды өзгерту туралы пікірімен бөлісті. Kazinform бұл туралы Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ұсынылған идея алғашында Президент Садыр Жапаровқа, Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Қамшыбек Ташиевке, маған да ұнады. Ел жаңғырып жатқан тұста туымыздың да жаңарғаны дұрыс болар деп ойладық. Алайда, қоғам талқылауы қазіргі тудың халықтың санасы мен жүрегіне сіңіп кеткенін көрсетіп, туды өзгерту мәселесі көпшілікті алаңдатты. Жогорку Кенеш депутаттары халықтың тілегін ескере отырып әрекет етеді деп сенейік. Қандай жағдай болмасын, бір-бірімізге құрметпен қарайық», - деп жазды ол.