Қырғызстанның Ноокат ауданында селдің салдарынан мерт болғандар саны 9 адамға жетті

Қырғызстанда сел жүрді
Фото: Kабар

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстанның Ош облысындағы Ноокат ауданында жүрген селдің салдарынан мерт болғандар саны 9 адамға жетті, деп хабарлайды осы елдің Кабар агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Абшир-Ата ауылында кішкентай баланың денесі табылып, милицияға тапсырылды. Қазіргі таңда баланың кім екені анықталып жатыр.

Селдің салдарынан құрбан болғандарды іздестіруге 373 адам жұмылдырылған.

Осыған дейін Қырғызстанда жойқын селдің салдарынан қазақстандық балалардың құрбан болғанын жаздық.

Сондай-ақ Ош облысының Ноокат ауданында сел салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы екеуі із-түзсіз жоғалғаны хабарланды.

 

Соңғы жаңалықтар