Қырғызстанның шоғырландырылған бюджеті 1 трлн сомнан асты

БІШКЕК. KAZINFORM — Елдің 2025 жылғы шоғырландырылған бюджеті алғаш рет 1 трлн 93 млрд сомға жетті. Бұл туралы министрлер кабинетінің басшысы Адылбек Қасымалиев Жогорку Кенеш комитеттерінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі

Консолидированный бюджет Кыргызстана превысил 1 трлн сомов
Фото: Кабар

Адылбек Қасымалиев мемлекет экономикасы тұрақты даму көрсетуін жалғастырып отырғанын атап өтті. 2025 жылы елдің шоғырландырылған бюджеті алғаш рет 1 трлн сомдық тарихи межеден асты. Бұл көрсеткішке жоспарланған мерзімнен екі жыл бұрын қол жеткізілді.

— 2025 жылы стратегиялық салаларға, соның ішінде «Элдик Банк» пен энергетикалық компанияларды капиталдандыруға, Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолын, Қамбарата-1 су электр станциясын және Мемлекеттік ипотекалық компанияны салуға қомақты бюджеттік қаражат бөлінеді. Капиталдық салым көлемі бес есе артты — 10 млрд сомнан 51,7 млрд сомға дейін, — деп баяндады үкімет басшысы.

2024 жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ 2513 АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 86%-ға көп. Бұл көрсеткіш 2025 жылы 2800 АҚШ долларына дейін артады деп болжанып отыр.

Қараша айының соңында Қырғызстан Ұлттық банкі есептік мөлшерлемені 11%-ға дейін көтергенін жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Қырғызстанда тұтыну бағалары мен тарифтері осы жылдың алғашқы 10 айында 2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 8,3%-ға өскенін хабарладық. 

Соңғы жаңалықтар