Қырғызстанның Ұлттық банкі үш коммерциялық банкті айыппұлға тартты

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанның Ұлттық банкі банк қызметін реттейтін заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзғаны үшін үш коммерциялық банкті жауапкершілікке тартты, деп жазады Кабар.

В Кыргызстане все расчеты будут проводиться в сомах
Фото: Гульмира Абдрахманова/Kazinform

Ведомствоның мәліметіне сәйкес тексерістер нәтижесінде әрбір банкке 55 000 сом көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасында 21 коммерциялық банк жұмыс істейді.

2024 жылы коммерциялық банктердің қызметіне 146 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде коммерциялық банктерге жалпы сомасы 25 млн сомды құрайтын 12 айыппұл салынды.

Бұдан бұрын Қырғызстанда көмірді көлікпен шығаруға уақытша тыйым салынғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар