Қырғызстанның жоғары билігінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстанда бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер жаңа тағайындау алды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

 Қырғызстанның жоғары билігінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды
Фото: freepik.com

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың тиісті жарлықтарымен келесі мемлекеттік қызметкерлер қызметінен босатылып, тағайындалды: 

* Бақтыбек Бекболотов Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды. Бұл қызметке бұрын Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Рустам Мамасадықов тағайындалды;

* Марат Иманқұлов Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі болды. Ол бұрын атқарған Мемлекеттік хатшы қызметіне Арслан Койчиев тағайындалды;

* Эркин Чечейбаев Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Ведомство басшысының міндеттерін атқарушы қызметіне бұған дейін ҰҚМК Жалал-Абад облысындағы бөлімшесін басқарған Қаныбек Досмамбетов тағайындалды.

* Азамат Апсатаров Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігі Президент және министрлер кабинетінің шешімдерінің орындалуын бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды және Президенттің көмекшісі қызметінен босатылды;

* Қанат Жұмағазиев Президенттің Шу облысындағы өкілетті өкілі қызметінен босатылды. Оның орнына бұл қызметке Азамат Осмонов келді;
Эльчибек Джантаев Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі мемлекеттік агенттікті басқарды, сонымен бірге Президенттің Ош облысындағы өкілетті өкілі қызметінен босатылды;

* Даниэль Рысалиев Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет (ҰҚМК) төрағасының орынбасары — Киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді үйлестіру орталығының директоры болып тағайындалды;

* Құрванбек Авазов ҰҚМК төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Еске сала кетсек, 30 қарашада Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттардың кезектен тыс сайлауы аяқталды. 

Қырғызстандағы парламент сайлауына қанша адам қатысқанын мына материалдан оқи аласыз. 

Соңғы жаңалықтар