Кирилл Герасименко үстел теннисінен Жапонияда өтетін турнирге қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – 7 тамызда Иокогама қаласында (Жапония) үстел теннисінен халықаралық WTT Champions Yokohama 2025 турнирі басталады. 

Кирилл Герасименко үстел теннисінен Жапонияда өтетін турнирге қатысады
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған жарыста әлемдік үстел теннисінің көшбасшылары бақ сынайды. 

Жапонияда өнер көрсететін спортшылар қатарында Линь Шидун (Қытай, әлемдік рейтингіде №1), Ван Чуцин (Қытай, №2), Томоказу Харимото (Жапония, №4), Трульс Морегорд (Швеция, №6), Феликс Лебрун (Франция, №7), Лин Юн-Джун (Қытай Тайбэйі, №8), Дарко Йоргич (Словения, №9), Сян Пэн (Қытай, №10) және басқа да теннисшілер бар.

Еліміздің атынан бұл турнирге Кирилл Герасименко (әлемдік рейтингіде №53) қатысады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы тартысты матчта Германияға жол бергенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар