Кирилл Кекер «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері болды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық маман Кирилл Кекер «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері болды.

Кирилл Кекер
Фото: «Ордабасы» футбол клубы

Шымкенттік клуб 45 жастағы маманды командаға жақын арадағы жаттығуда таныстырады.

Кирилл Кекер 2022 жылғы маусымнан бастап «Қайрат» футбол клубының бас бапкері болды. Алматылық клубтың бас бапкері қызметінде 60 матч өткізген. Оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 кездесуде тең түссе, қалғанында қарсыластарына есе жіберді.

Ол «Қайраттың» сәуір айында «Қайсардан» жеңілгенінен кейін өз еркімен қызметінен кетті.

«Ордабасының» бұрынғы бас бапкері Александр Седнев шымкенттік клубтың тізгінін 2021 жылдан бері ұстады. Былтыр команда өз тарихында алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды.

Биыл шымкенттік клубтың еурокубок ойындарындағы сәтсіздігінен кейін қызметінен кетуге мәжбүр болды.

Команда еурокубоктағы жорығын Чемпиондар лигасында бастап, онда Молдованың «Петрокуб» (1:0, 0:0) командасына есе жіберді.

Одан кейін Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Люксембургтің «Дифферданж-03» командасын (4:3, 0:1) тізе бүктірсе, үшінші іріктеу кезеңінде Арменияның «Пюник» командасына (0:1, 0:1) жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар